Алдын ала мәлімет бойынша, олар су алу үшін сарқырамаға түскен, алайда кері жолды өз бетімен таба алмаған.
Оқиға орнына дереу «109» қызметінің құтқарушылары аттанды.
Сағат 18:28-де құтқарушылар сарқырама етегінен зардап шеккендерді көзбен шалып, байланыс орнатты. Жоғары көтеру үшін арқан сынды альпинистік құрал-жабдықтар пайдаланылды.
Сағат 20:18-де құтқару жұмыстары аяқталды.
Жасөспірімдер еш жарақат алмаған, медициналық көмекке мұқтаж емес.