"Алматы қаласы Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алматы қаласының құтқару қызметі" МКК
Ресми интернет-ресурс

Алмарасандағы құтқару операциясы: жасөспірім сарқырамадан құлады

Алмарасан шатқалында құлап кеткен жасөспірімді құтқарушылар эвакуациялады

«Қыздың көз жасы» сарқырамасынан 2008 жылы туған жасөспірім биіктіктен құлап кеткен. Зардап шеккен адамға шұғыл тасымалдау қажет болды.

«БАУ» бақылау-құтқару бекетінен 5 құтқарушыдан және 1 техникадан тұратын топ оқиға орнына шықты.

Жарты сағаттан кейін құтқарушылар зардап шеккен адамға жетіп, оның белі мен оң иығы ауырып жатқанын анықтады. Жасөспірімге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетіліп, кейін оны Алмарасан тұрағына қарай тасымалдау басталды. Онда оны медицина бригадасы күтіп тұрды.

Құтқарушылар жасөспірімді сәтті жеткізіп, ары қарай тексеру мен ауруханаға жатқызу үшін дәрігерлерге тапсырды.