"Алматы қаласы Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алматы қаласының құтқару қызметі" МКК
Ресми интернет-ресурс

Алматы қаласының Құтқару қызметінің құтқарушылары Пионер асуы маңында жарақат алған турист әйелге алғашқы көмек көрсетіп, эвакуация жасады.

Оқиға шамамен сағат 16:00-де болған. Асуға көтерілу барысында әйел адам топтан қалып қойып, мұздық бойымен төмен түсе бастағанда жарақат алып, оң тізе буынын зақымдаған.

 

Оқиға орнына құтқарушылар жедел түрде мотовездеходтармен шықты.

Сағат 16:18-де құтқару тобы зардап шеккен адамға қарай жаяу жол тартты.

Оқиға орнында оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді – тізе буыны бекітіліп, жағдайы тұрақтандырылды.

 

Кейін турист әйел Талғар асуына дейін жаяу сүйемелденіп, сол жерден мотовездеходпен «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешенінің медициналық пунктіне жеткізілді. Онда зардап шеккен адам «103» қызметінің мамандарына табысталды.

 

Құтқару операциясы сәтті аяқталды, турист қауіпсіз жерге жеткізілді.

 

Құтқару қызметі таулы аймақтарда, әсіресе мұздықтар мен асуларда қозғалу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.