Бүгін Алматы қаласы Құтқару қызметінің құтқарушылары тікұшақтан оқу-жаттығу түсуін өткізді.
Жаттығудың басты мақсаты – жерүсті техникасын қолдану мүмкін емес таулы және қол жетуі қиын аймақтарда әуе көлігінен десант түсіру дағдыларын пысықтау.
Мұндай жаттығулар құтқарушылардың физикалық және психологиялық дайындығын жоғары деңгейде ұстауға, сондай-ақ төтенше жағдайларда нақты әрі үйлесімді әрекет етуге мүмкіндік береді.
Жаттығу барысында альпинистік жабдықтарды қолдана отырып түсу элементтері, тікұшақ экипажымен өзара әрекеттесу және шартты зардап шеккендерді эвакуациялау пысықталды.